Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Электрондық сигарет: қайдан келді және оның құрылымы қандай

Электрондық сигарет қалай және қайдан пайда болды және неліктен кәдімгі сигаретті электрондықпен алмастыруға тұратыны жайында қысқаша әңгімелеп береміз.


Темекі шегу зиянды екені ақықат. Алайда бұл жекелеген адамдарды ғана тоқтатады, бұған дәлел - бүгінгі күні жер бетінде 1,1 миллиард темекі шегуші. Ия, бұл қуантарлық жағдай емес, сонда да, жеңе алмасақ, тым болмаса шылым шегуден келетін зиянды төмендетуді ойластыруымыз керек – бұл әрекеттің басы – ойлап шығарылған электрондық сигарет.  Бүгін біз оның қайдан шыққанын, не екенін және қалай жұмыс істейтіні туралы айтып беруге тырысамыз. 

Темекі шегудің айқын зияны

Темекі жанғанда 7000 зиянды затқа дейін, олардың ішінде полоний, мышьяк, висмут, аммиак, қорғасын, қышқылдар және басқа да ұнамсыз заттар, ауаға (сәйкесінше, ағзаға түседі) бөлінеді. 

Шылым шегу тамыр созылғыштығына әсер етеді, демек жүрекке деген жүктеме артады. Оған қоса – тромбтардың (ұйыған қан), асқазан жарасы, түрлі ағзалардың қатерлі ісігі пайда болу қауіпі бар, қысқасы, жақсылық күтпеңіз.    Темекі шегушілер ашуланшақ болады, олардың ұйқысы бұзылады, зейіні нашарлайды. Осы аталғандардың бәрі түтін құрамындағы заттардың әсері.  

Осылай бола тұра, темекі шегу әлемдік мәдениеттің бөлігіне айналды (бұл әдетті кинода сәнді етіп көрсеткеннің арқасында да). Осылайша шылым шегуден келетін зиянды төмендету тәсілдерін іздеу уақыты келгені түсінікті болды.    

Жете түсіну қашан басталды


Өткен ғасырдың 1927 жылы америкалық ғалым Джозеф Робинсон жұртшылыққа тарихта алғашқы электрондық буландырғышты ұсынған – тағдырдың тәлкегі болар, бұл құрылғы дәрілік затты (дәрілік шөптер түтінін емдеуде қолдану орнына) ысытып, оны бу түрінде пациенттердің өкпесіне жеткізуге арналған болатын. Ол кезде мұндай ой көпшілікті шабыттандыра қоймайды – алайда алғашқы қадам жасалды.

Ондаған жылдады және сәтсіз эксперименттерді артта қалдырдық дейік – 2003-жыл келді. Қатарынан екі маңызды оқиға орын алды: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  темекі тұтынуды және осыдан болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған бірінші халықаралық ресми құжат шығарды. Және біздің сөз қорымызда «вейп» деген сөз пайда болады («vapor» - ағылшынша «бу» деген сөз). 

Бұл дәл сол 2003 жылы никотинді жеткізетін электрондық құрылғыны (НЖЭҚ) ойлап тауып патенттеген қытайлық фармацевт Хон Ликтің арқасында мүмкін болды.Ол өзі 30 жыл тәжірибесі бар шылым шегуші етін, оның әкесі осыдан біраз уақыт бұрын өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болған, осылайша «электрондық сигарет» кездейсоқ өнер табысы емес, ұзақ әрі мақсатты  еңбек нәтижесі болды.

Бірақ ол кезде бұл сигарет емес, түтікше тәріздес етін. Алайда өндірушілер оның зиянды төмендету қасиетімен қатар, құрылғының коммерциялық әлеуетін де (тұратын ортамыз капиталистік емес пе) бірден түсінді, сондықтан болар бүкіл әлем бойынша ондаған компания оның дизайны мен құрылымын жетілдіре бастады – осылайша «атомайзерлер», «вейптер» және «электрондық сигареттер» пайда болды.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Дәл осы сәтте әлемде кеңінен тараған НЖЭҚ не никотиннен, пропиленгликольден, глицериннен және дәмдеуіш қоспалардан тұратын арнайы суйықтықты буландырады, немесе қысқартылған сигаретке ұқсас (бұлар да темекімен толтырылған) «стиктерді» қыздырады. Гаджеттердің өзі өте қарапайым – бұлар кішкентай аккумулятор, қыздыратын элемент және микропроцессор.

Темекі шегуден келетін зиянды төмендетуде никотин жеткізудің электрондық құрылғылары никотин пластырлері мен сағыздарды ысырып, тез арада «фронтир» («алдыңғы қатарлы») болды — өйткені шылым шегушілерге никотин алу ғана емес, процестің өзі маңызды. Мысалы, кейбір бағалауларға сәйкес ұзақ мерзімді перспективада сигареттен осы НЖЭҚ шегуге көшкендердің инфаркт және инсульт қауіпі 13%-ке төмендейді.

Басқа зерттеулер деректері бойынша сигаретті тастауға ниет білдірмесе де, уақытша НЖЭҚ-ке көшкендердің 50%-н астамы нәтижесінде шылым шеккенді азайтты, ал  14% бұл әдеттен мүлде бас тартты. Бұдан да әсерлі нәтижелер бар: вейпке, электрондық сигаретке немесе темекі қыздыратын құрылғыларға көшкен адамдардың 46%-е дейін осыларды бір жыл пайдаланған соң, темекі шегуді тастайды.  

Темекі шегу – бұл бір мезетте тастауға өте қиын физикалық және эмоциялық әдет. Алайда никотин дағдыландыратын болса да, ол шылым шегумен байланысты аурулардың негізгі себебі емес, яғни никотин жеткізудің жаңа тәсілдеріне көшу инфекциялық емес аурулар қауіпін төмендете алады деген сөз.

Автор

Понравилась ли вам статья?

0
0
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз