Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Темекінің түтінсіз баламаларының қандай түрлері кездеседі?

Сіздерге темекі тартудың балама нұсқалары туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Баршамыз білетіндей, никотиннен бас тартуға дайын емес адамдар болады. Кейбіреулері бірнеше талпыныстан кейін «кері кетсе», ендігі біреулері қайтару нышанатынан қорқады. Мұндай шылымқұмарлар үшін шешім баршылық – бұл темекі тартудың зиянын біртіндеп төмендету. Алайда денсаулық үшін қауіпті азайтудың ең жақсы тәсілі – темекі шегуден біржолата бас тарту екендігін әрдайым есте ұстаған абзал.


Түтін шығармайтын балама нұсқаларға мыналар жатқызылады: электронды темекі (вейптер), темекіні қыздыруға арналған жүйелер, никотиндік жастықшалар, жабыстырғыштар, сағыздар, спрейлер және таблеткалар. Ескеруді қажет ететін бір ғана жайт: олардың барлығы да зиянсыз емес – олардың құрамында әдеттенуді тудыратын никотин бар.

Темекінің зияны турасында баршамыз білеміз. Дегенмен темекідегі нақты не нәрсе адам ағзасы үшін залал келтіреді? Шылым 1000 °C температурада жанады, осының нәтижесінде бірнеше мың ықтимал қауіпті заттектер түзіледі. Олардың бәрі де темекі түтінінің құрамына кіреді және шылымқұмардың өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағы адамдарға да зиянын тигізіп отырады.

Адам ағзасына келтірілетін залалды төмендету мақсатында темекінің жану үдерісіне жол бермеу керек. Темекінің түтін шығармайтын балама нұсқаларын зиянсыз деп айтуға болмайды, алайда олардың жұмыс істеуі темекінікіне ұқсамайды. Сонда айырмашылығы неде екен?

Темекіні қыздыруға арналған жүйелер бұл темекіні арнайы «шылым стиктерінің» ішінде 350 °C температураға дейін қыздыратын құрылғылар (естеріңізге салсақ, кәдімгі сигаретадағы темекі 1000 °C дейін қыздырылады). Осы тұста темекі жанбайтындықтан, ықтимал қауіпті заттектердің бөлініп шығарылуы 95% төмендейді. Бұл адамға никотинді түтін, күл және жағымсыз иіссіз-ақ алуға мүмкіндік береді.

Темекіні қыздыруға арналған құрылғылардың екі түрі болады: үкпелі темекіні қолданатын және темекі стиктерін қолданатын түрі.

Электронды темекі (вейптер) құрамында пропиленгликоль және/немесе глицерині бар электронды темекіге арналған сұйықтықтың арқасында жұмыс істейді, әрі ол қыздырылған кезде буды шығарады. Электронды темекінің төрт түрі кездеседі: мод-бокстар, вейп-қаламдар, темекіге ұқсас келетін құрылғылар және pod-жүйелері.

Мод-бокстарды баптауға және конфигурациялауға болады, олар қорап түрінде жасалады. Ал вейп-қаламдардың сыртқы түрінің қандай екендігін атынан-ақ түсінуге болады, сол секілді «темекіге ұқсас келетін құрылғылардың» да түрі белгілі болып тұр. Рod-жүйелеріне келер болсақ, олардың құрастырылымы аккумуляторлық блок пен картриджден тұратын ықшам механизм болып саналады. Мұндай вейптер сонау 2003 жылы ойлап табылған электронды темекінің бастапқы тұжырымдамасына неғұрлым ұқсас келеді.

Никотиндік жастықшалар (сонымен қатар сленгте «снюс» деп де айтылады) никотин және хош иістендіргіштер қосылған целлюлозаның микротүйіршіктерімен толтырылған кішігірім пакеттер немесе жастықшалар түрінде болады. Олар никотинді ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы жеткізіп тұрады. Мұндай тәсіл темекі түтінінің пайда болуына және пассивті темекі тартуға жол бермейді.

Сондай-ақ оқу Сіз түтінсіз өнімдерге ауыссаңыз, не болады?

Никотиндік жабыстырғыштар ағзаға никотинді тері арқылы жеткізеді. Әдетте оны жабыстыруға болатын уақыт шамамен 12–15 сағатты құрайды. Осы уақыт аралығында адам қанының құрамына темекінің бір қорабына сәйкес келетін никотиннің мөлшері түседі. 

Никотиндік сағыз. Сағызды шайнаған кезде никотин бөлініп шығарылады да, әрі ағзаға бірте-бірте ене бастайды, бұл адамның никотинге деген тәуелділігін ішінара қанағаттандырады. Бір сағыздың құрамындағы никотиннің мөлшері әртүрлі келеді – шамамен 4 миллиграмға дейін болуы мүмкін. Салыстырмалы түрде алатын болсақ: бір темекінің құрамында никотиннің 15–20 миллиграмы бар.

Никотиндік спрейді темекі тартуға деген құлшыныс пайда болған әрбір кезде ауыз қуысына сеуіп отырады. Никотин ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы сіңеді.

Никотиндік таблеткалар адамның темекіні тартып болған соң никотинмен байланысатын рецепторлардың жұмысына әсер етеді. Осының салдарынан шылым шекеннен кейін ешқандай ләззат болмайды да, оның орнына адам жанама әсерлерге тап болады.

Шылымқұмар қандай таңдау жасаса да, ол бір ғана нәрсені ұғынуы керек. Бұл дегеніміз оның қабылдай алатын ең үздік шешімі – темекі және никотинді тұтынудан біржолата бас тарту шешімі болмақ.

 

Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

4
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз