Редакция ұсынады

Оралды невроз немесе ләззатты ұзартуға деген ынтызарлық па?

Неліктен жыныстық қатынастан кейін темекі шеккің келіп тұрады

Оралды невроз немесе ләззатты ұзартуға деген ынтызарлық па?: Неліктен жыныстық қатынастан кейін темекі шеккің келіп тұрады

«Жақсы секстен кейін, тіпті, көршілер де темекі шегуге шығады» – бұл күлкілі емес әзілдерді ұнататындардан жиі естуге болатын сөз. Неліктен жыныстық қатынастан кейін шылымқұмар темекіге қол созатынын анықтайық.


Төсек ләззатын ұзарту

Біріншіден, егер жыныстық қатынастан кейін сізге жүрек соғысы және тыныс алуды қалпына келтіру қажет болса, оның үстіне темекінің көмегіне жүгініп отырсаңыз, онда бірден дәрігерге барғаныңыз абзал. Себебі бұл қалыпқа келуді қажет ететін жүктеме дәрежесі емес, дейді Қазақстандық медициналық университетінің эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев.

Екіншіден, секстен кейін шылым шегуге деген ұмтылыс темекі шекпейтін адамдарда ешқашан пайда болмайтыны анық. Сондықтан бұл кез келген жағдайда да қалыпты нәрсе емес екендігіне көз жеткізген абзал.

Әлбетте, бұл күресуді талап ететін жаман әдет екендігі айдан анық. Ал егер классикалық темекіден әзірше бас тарта алмасаңыз, онда темекі тұтынудың баламалы нұсқаларына ауысқаныңыз дұрыс. Никотинді жеткізетін түтіні жоқ электронды құрылғылар жану үдерісін мүлдем жоққа шығарады. Ғылыми тұрғыдан дәлелденгендей, жанып тұратын темекімен салыстырғанда, мұндай құрылғылардан шығарылатын бу негізіндегі аэрозольдің құрамында зиянды заттектер мөлшері 95% дейін аз кездеседі екен. 

Біздерді физиология басқарады

Физиология тұрғысынан қарайтын болсақ, жыныстық қозу гормондардың арқасында пайда болады: ер адамдарда – тестостерон, әйел затында – окситоцин арқылы, деп жалғастырады Рафаиль Қыпшақбаев. 

«Осылардың әсерінен эрекцияға және жыныстық ернеудің сәл ісінуі мен майлануының жоғарылауы үшін қажет қан тамырлардың қысқа мерзімді спазмдары пайда болады. Никотиннің әсерінен шылымқұмардың қанында осыған ұқсас үдерістер жүріп жатады – никотин де қан тамырларының спазмдарын тудырады».

Бұдан басқа темекі түтінінен шығатын тұншықтырғыш газ эритроциттерді де байлайды, осылайша, мидағы оттегінің болмашы жетіспеушілігін, бас айналуын және эйфорияны тудырады.

Демек, секстен кейін шылымды тұтатып тартуға деген ұмтылыс жыныстық қатынастың физиологиялық ләззатын ұзарту үшін керек болып тұр. Бұл жерде жыныстық қатынастың сапасы туралы сауал туындайды. Адаммен «жақындасудан» кейін алатын әсерлеріңіз жеткіліксіз болса, онда қасыңыздағы серіктесіңіз сіздің адамыңыз ба, жоқ па, осы жайында ойланғаныңыз жөн. 

Таза психология

Әлбетте, жаман әдетті тек қана физиологиямен байланыстыруға болмайтыны хақ. Осы тұста жыныстық қатынастан кейін темекі тартуды қалап тұруда психологияның да рөлі аса маңызды. Адам секс барысында өте жоғары эмоционалдық ширығуды бастан өткереді. Бұдан кейін, әрине, бойыңды еркін ұстап, демалғың келеді. Шылымқұмар үшін темекі тарту эмоционалдық жай-күйін тұрақтандыруға, былайша айтқанда, ағзаның қалпына келуіне көмектесе алатын сияқты көрінеді. Алайда, бұл дақпырт. Темекі тарту өзіңді бос ұстауға мүлдем көмектеспейді. Тынышталу үшін шылым шегу емес, қайта қораптан темекіні алу, оны тұтату, шылымды ішке тартып, будақ-будақ түтінді шығару секілді үйреншікті рәсімі көмектеседі.

Сондай-ақ оқу Дабыл қағу: шылым тыныштандырады деп ойлағанда, қандай қате жібереміз?

Осы тұста мамандар миды алдауға ұсыныс жасап отыр, яғни, үйреншікті рәсімді сақтап қалып, дегенмен оны зиянсыз етуге тырысу керек. Ең қарапайым жолы – жыныстық қатынастан кейін әдеттегі темекінің орнына шайнайтын кәмпитті алыңыз.

Кейбір психолотгардың пікірінше, жыныстық қатынастан кейін шылым шегуді қалап тұру – бұл оралды невроздың белгісі екен. Аузыңызға әйтеуір бір нәрсені салуға деген ұмтылыс интимдік қажеттіліктеріңіз жағынан толыққанды қанағат тұтпағаныңызға байланысты. Шын мәнісінде бұл тұжырым даулы болып есептеледі, әрі оның ешқандай да дәлелді негізі жоқ. Нақты осы – оралды невроз – психологиялық бұзылысы сондай-ақ тамақты шектен тыс ішу және артық салмақ мәселесінің себебі ретінде қарастырылады. 

Кинематографиялық болғанымен, қауіпсіз емес

Көптеген жылдар бойы тәжірибелі жарнамашылар және кинематографшылар біздің миымызды жыныстық қатынастан кейін темекі тарту – бұл өте сексуалды және, тіпті, стильді дегенге бағдарламалап отырды. Алқызыл түсті лакпен жағылған салалы саусақтар, жіңішке темекі, сезімшіл еріндер сәл ашық: бұл тек қана суретте әдемі көрінеді. Ақиқатына келсек, темекі тарту ер адамның белсіздікке ұшырау қаупін шамамен екі есеге арттырады, ал әйелдер жыныстық қатынасқа деген қызығушылығын, тіпті, жоғалтып алуы да мүмкін. 

Төсекте жатып темекі тарту өрттің пайда болуы тұрғысынан да аса қауіпті. Оның үстіне кейіннен темекі түтінінің иісімен күресуге уақытыңызды кетіріп, ақшаңызды жұмсап қайтесіз?

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

3
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз