Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

КСРО-да түтіндеткендер

Фильтрсіз папиростың көзін көрген шылымқорлардың

КСРО-да түтіндеткендер: Фильтрсіз папиростың көзін көрген шылымқорлардың

Папирос дегеніміз фильтрсіз темекі ме? Идеологиялық тұрғыдан жат темекінің бір қорабы қанша тұрды? Темекіні өз бетіңше отырғызу заңға қайшы емес пе? Осы және басқа сұрақтарға “ниЖевредтің” ностальгияға толы шолуында жауап береміз. 


Александр Грибоедов атақты «Қайғы санадан» деген спектаклінде «Отанның түтіні біз үшін тәтті әрі жағымды…» деп жазған болатын. Ғасырлардан жеткен бұл сөзді «Қызмет романындағы» ебедейсіз кейіпкер Новосельцев қайталаған еді. Ол кеңестік өндірістен шыққан темекіні емес, шетелдік «классиканы» хош көретін.

Ашығын айту керек, жанып тұрған шылымның қатері туралы адамзат күннен-күнге көбірек біліп отырған заманда Отан түтінінің тәттілігі туралы айту тек ирониялық сипатқа лайық секілді. Оның үстіне КСРО-да тұрған ер-азаматтар арасындағы онкоаурулардың тізімін өкпе қатерлі ісігі бастап тұрған-ды.

21-ғасырда өркениет шылым шегуді қоя алмаймын деген жандарға қатері төмендеу балама әдістерді, яғни темекіні қыздыру жүйелері мен электронды темекіні ұсынып отыр. Алайда социалистік дәуірдің ең ащы дүниелерінің бірін - естен тандыратын папиросы мен шылымын шегіп көрген адамдар арамызда әлі де болса бар.

Солардың көмегімен кеңестік кезеңде шылым шегудің қандай болғанын анықтауға тырысып көрейік. Иосиф Бродскийдің өзі әнге қосқан «Шипканы», сондай-ақ «Приманың», «Беломорканалдың» да сипатын да тілге тиек ете кетейік. 

Жоғалтатын ештеңесі қалмағандар үшін

«Приманы» алғаш рет 17 жасымда байқап көрдім, содан кейін жоңқа мен күнжараның бұл жанды алар қоспасын шекпеймін деп уәде бердім. Оны тек тәжірибелі ағза ғана «қорыта алатын». Темекіні талын ұстайтын сол қолымның ортаңғы саусағы, сосын алдыңғы тістерім сол екі күннің ішінде сарғайып шыға келді. Астыңғы ернім домбығып кетті, одан қалды, күрсілдеп ауыр-ауыр жөтелетінді шығардым».

Деп жазады раритет темекі маркасына шолу жасаған автор.

Фильтрі болмаса да «Прима» темекі саналатын. Жұмыр келген, арзан, «өзіміздікі». Баға мен сапа тұрғысынан аса қолайлы саналған (иә, кеңес тұрғындары бұл қатынасқа қатты мән беретін) бұл шылым Қызыл әскер қатарындағы жауынгердің де, қарапайым жұмысшының да, бас бостандығынан айрылған жазасын өтеушінің де махаббатын бірдей жаулап алды. Атағы мен күштілігі жағынан онымен тек аңызға айналған, КСРО-ның басты папирос маркасы «Беломорканал» ғана тең түсетін. Ал Сталин жақсы көрген «Герцеговина Флор» немесе одессалық Костя туралы «Шаланды, полные кефали» әніндегі «Қазбек» тіпті маңайына да жуымаушы еді. 

Папиросты оу баста ресейлік өнертапқыштар ойлап тапты деген пікір басым-тұғын. Ол қазір бәрімізге белгілі шылым құрылымына ұқсамады. Жұқа папирос қағаздан әзірленген гильзаға темекі оралады. Гильзаның бір шетінен қалыңдау қағаздан жасалған мүштік шошайып тұрады. Үшінші сортты кеңес темекісінің қоспасы ғана «сыйлай» алатын тротхит, яғни тамақты жырып түсетін сезім болмасын деп папиросты шегер алдында мүштікті қысыңқырап алу керек еді. 

Папирос сол Кеңес Одағының өзінде «ескінің көзі» саналушы еді. Оны негізінен соғыстан қайтқандар, қаланың қарапайым тұрғындары мен оны-мұны көп талғай бермейтін ауылдықтар шегетін. Күштілігімен, қою түтінімен және үйренбеген адамның басын айналдырып жібере алатын қасиетімен ерекшеленетін папирос «аяуды» білмейтін махоркаға немесе Кубаның экзотикалық сигараларына ғана жол беретін. 

«Папиросты тым күшті деп те біржақты айтуға келмейді, тек жағымсыз болатын, - деп еске алады көп жылдық тәжірибесі бар шылымқор Рафаэль Бикбауф. - Оны тарту тым қиын, бірақ сонда да папиросты жақсы көретіндер баршылық еді. Әсіресе соғысқа дейін, кейін және соғыс кезінде шеккен қарттар ұнататын. Біз жұмсағырақ болсын, ауызға темекі тозаңы түспесін деп, гильзаның ішіне мақта салып, фильтр секілді әлдене жасайтын едік. Көп дүние өнімнің сапасына байланысты болды. Алматылық «Беломордың» алып бара жатқан ерекшелігі жоқ еді».

Болгар импорты және Қазақстан салтанаты

КСРО-да темекі маркасына қарап шылымқордың әлеуметтік дәрежесін анықтауға болатын. Ал папирос беделді саналмаушы еді. Уақыт өте келе олардың орнын 50-жылдардан кейін жаппай шығарыла бастаған темекі басты. Әрине, оның сапасын ешкім мақтай қоймады, бірақ химиялық қоспасы тұрғысынан бас тартқан да ешкім болмады. 

«Өзім фильтрі барын да, жоғын да - неше түрін шегіп көрдім. Ол заманнан бері темекінің дәмі мен сапасы қатты өзгере қойған жоқ, тек бағасы басқа. Айтпақшы, бұрын көп адам болгар шылымын алуға әуес болатын, себебі таза біздікі дей алмайсың, шетелдікі деп мақтануға келетіндей», – дейді Рафаэль Бикбауф.

Бродский атақты «Бөлмеден шықпа, қателік жасама» шығармасында «Күнді нағыласың, «Шипканы» шексең?» - деп жазған болатын. «Шипка» Opal, Rodopi және Tu-134-пен қатар бауырлас Болгарияның ең танымал маркаларының бірі еді.

Алматы темекі фабрикасының да «Медеу», «Дюбек» секілді өз классикасы болды. Олар Одақтың басқа қалаларында да шығарылатын. Ал фильтрі қара түсті «Қазақстандық» темекісі өзінше бір бөлек өнім-тұғын. 

Ең керемет дүние танымал америкалық брендтің темекі қорабын ұстап жүру болды. Оларды жасырын түрде бір қорабын бес сомнан сатушы еді. Орта жалақының 120-180 сом, ал отандық маркалардың 20-60 тиын болғанын айтсақ, ар жағын бағамдай беріңіз. 

Makhorka vs. Virginia

Алайда жоғарыда аталған «нарық ойыншыларының» бәрі темекінің «түбін түсірген» шылымқорлар ғана дәті барып шегетін махорканың жанында ойнамай қалатын. Темекімен туыс бұл өсімдіктің түтіненде шайыр мен никотин көлемі темекіден де көп. Күй талғамайтыны және арзандығы арқасында махорка соғыс кезінде және соғыстан кейін кең таралды. Оның үстіне адамдардың өз бетінше отырғызып, таратуының нағыз жұлдызына айналды: ауыл тұрғындары махорканы қол астындағы жерге отырғызып, артынан алған өнімін шегіп, күрк-күрк жөтеліп, үйдің іргесінде демалып жататын.

«Мақтаға барған кезде, – дейді Рафаэль, – бір қорабына 7 тиын беріп, махорка алып шегетінбіз. Темекіге арналған қағаз ол кезде жоқ еді, сондықтан газетен «ешкі сирақ» орап тартатын едік. Мұндай қолдан жасалған шылым әсерін жақсы деп айта алмаймын, себебі басты айналдырады, жүрегің айнайды. Сосын Беломорканал шеккен секілді жаман жөтеліп, өліп қала жаздайсың».

Үйде өскен махорканың элиталық баламасы ретінде сырттан келетін, мүштікке арналған Virginia темекісі алынатын. Оны тәжірибелі шылымқорлар қолға түсірсек деп іздейтін де жүретін, ал кеңестік Алматыда Virginia тек шетелдіктерге және шетелде жұмыс істейтін мамандарға арналған, ассортиментін қарапайым азамат тұтына алмайтын «Березка« дүкенінде ғана сатылушы еді. 

Фильтр құтқара ала ма?

КСРО-ның көзін көрген шылымқорлар «біздің заманда» отандық темекінің түр-түрі бар еді дегенді айтудан жалықпайды. Әр фабрика бүкіл Одаққа тарайтын маркаларды да, өзі ойлап шығарған темекіні өнімдерін де шығара беретін. 70-жылдардың ортасына қарай кеңестік темекі өндірісінің өскені сонша әлем бойынша АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орынды алып тұрыпты.

Көзді «жейтін» махорканы кез келген қағазға орап шеге беретін бүтіндей бір ұрпақ қалыптастарған елде бірте-бірте зиянды азайту мәселесі өзектілігі арта түсті. 1980 жылы тіпті темекі тартуға қарсы күрестің кеңестік концепциясы пайда болды. Оның маңызды тезистерінің бірі мынадай еді: денсаулыққа төндіретін қатері жоғары болғандықтан фильтрсіз өнімдер өндірісін қысқарту керек. Шылым шегіп келейін деп сыртқа шығып кететін кеңестік жұмысшыға осы кездері сүзгісі бар дүниелер тықпаланып, ұсыныла бастады.

Ал фильтрсіз темекі тартудың онкология қатері фильтрі бар шылымға қарағанда 40% жоғары екені кейін барып белгілі болған еді. Алайда ең соңғы үлгідегі сүзгіні пайдаланғанның өзінде шылымқор түтінмен бірге мыңдаған химиялық затты жұтады. Оның 250-і ағзадағы жасушалардың бұзылуына, 69-ы обырдың пайда болуына алып келе алады. Әрине, фильтрлі темекі шылым оралған газетті шегуге қарағанда жақсырақ, себебі қағаздағы типографиялық бояуда қорғасын бар. Бірақ ол шылымқорды да, оның айналасындағыны да канцерогендердің, шайырдың және ыс газының қоспасымен қинайтын темекі түтінінен, яғни шылымқордың басты проблемасынан құтқара алмайды.

Сондай-ақ оқу Орама темекіден электронды девайстреге дейін Адамдар қашан шылым шеге бастады және темекі шегу қағидаты қалай өзгерді

***

Бұл жылдам шолуымыздан кейін кенет қандай да бір отан түтінінің тәттілігін тілмен сезінгіңіз келіп кетсе, райыңыздан қайтыңыз. КСРО өмір сүру ұзақтығымен мақтана алған жоқ, ал шылым шегу әдеті бұл статистикаға айтарлықтай «үлес» қосып отырды.

Басыңызды қатерге тікпеудің ең дұрыс жолы - никотині бар кез келген дүниеден біржолата бас тарту. Ал бұл қолыңыздан келмесе, зиянды азайтудың заманауи концепциясы ұсынып отырған әдісті қолданыңыз. ол бойынша жану процесіне «жоқ» деп, электронды құрылғыларға өту қажет. Себебі бұл жүйелердің ішінде құрамында никотині бар аэрозоль болады, онда кәдімгі шылымға қарағанда зиянды заттар 95%-ға аз кездеседі.

Иә, электронды құрылғылар тыныс алу жолдарын ұратын, көзді ашытып, есті алатын түтін бермейді. Бірақ соның керегі де жоқ. Темеккі түтінін күрделі, қорқыныш пен күлкі шақыратын, ностальгиясы да жоқ емес, таң қалдыра да алатын өткен шақта қалдыратын кез келді.

 

Аударған Димаш Зиядин

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз