Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Орта
  • Тыныс алу қауіпті: темекі түтіні экологияға қалай зиян келтіреді?
Редакция ұсынады

Тыныс алу қауіпті: темекі түтіні экологияға қалай зиян келтіреді?

Ұзақ уақыттан бері жер шарымыздың экологиясы қынжыларлық жағдайда екендігі ешкімге де құпия емес. Экологтар мен әртүрлі дәрежедегі табиғат қорғаушылары жақындап келе жатқан экологиялық апатты тоқтатпаса да, дегенмен оның мерзімін айтарлықтай кейінге ығыстыруға көмектесе алатын алуан түрлі шешімдерді ұсына отырып, дабыл қағып жатыр. Алайда бұл тұста ешқандай өзгерістер жоқ. Өйткені біз, адамдар, жайлы жағдайда өмір сүруді жақсы көреміз және ләззат алудан бас тартуды жақсы көрмейміз. Әйтсе де осының барлығынан болатын зиянды төмендетудің тәсілі бар ма? Мұны мақаламызда анықтап көрейік.


Темекі түтіні табиғатқа қалай зиян келтіреді?

Міне, осы бір рахаттар туралы әңгімелесейік. Әлбетте, ләззаттың да түр-түрі болады, соның ішінде зияндылары да баршылық. Солардың біріне темекі тарту әдетінің жатқызылатыны шүбәсіз. Осы екі минуттық рахат талай адамдардың өмірін қиып, одан да көбін жылдар бойы «құлдықта ұстағаны» мәлім. Алайда темекі бұйымдарының тұтынушылары арасында әрбір шегілген шылым арқылы сол адамның денсаулығына ғана емес, сондай-ақ тұтастай ғаламшарымыздың экологиясына нағыз орны толмас зиян келтіретіндігі туралы білетіндер кемде-кем. Мына бір сандарға көз жүгіртіп, жете ойланайықшы.

• Жыл сайын дүние жүзі бойынша шамамен 6 триллион темекі шығарылады, әрі қоршаған ортаға қайта өңдеуге жарамайтын 680 миллион темекі тұқылы түседі екен.

• Темекі түтінінің құрамында 6000-нан астам уытты заттектер кездеседі, соның ішінде канцерогендер, ауыр металдар және парниктік газдар бар. Сонымен бірге осы химиялық заттектердің барлығы да біз тыныс алатын ауаға, ішетін суымызға, өнімдерді өсіретін топыраққа сіңіп кетеді.

• Жыл сайын темекі тартудың салдарынан атмосфераға формальдегидтің 3 мыңнан бастап 6 мыңға дейінгі метрикалық тоннасы, сондай-ақ никотиннің 17–47 мың метрикалық тоннасы шығарылады.

• Жыл сайын темекі саласының жұмыс істеуіне шамамен 22 миллиард тонна су жұмсалады.

• Темекі өнеркәсібі 2,5 миллион тоннадан астам қатты қалдықтарды, соның ішінде 230 мың тонна химиялық уларды шығарады.

• Темекіні кептіру үшін ғана жыл сайын отын ретінде 11 миллион метрикалық тоннадан астам сүрек пайдаланылады – бұл дегеніміз 600 миллион ағаш (демек әрбір 300 темекіге 1 ағаштан келіп отыр). Сонымен қатар темекі қағазы мен қаптамасын жасауға кететін қосымша шығындар да бар.

• Темекі сүзгілеріне арналған целюлоза ацетатының бір тоннасын өндірудің өзі CO2-эквивалентіндегі парниктік газдардың 1,4 тоннасының түзілуіне әкеліп соқтырады.

• Жыл сайын темекіні өсіру үшін 4,3 миллион гектар жер пайдаланылады. Ал бұл, былай қарағанда, жаһандық ормансызданудың 4% дейін жетіп отыр. Сонымен қатар темекі топырақты құнарсыздандыратыны соншалық (соның ішінде азот, фосфор және калий секілді қоректік заттектерді сорып алады), тіпті, бұдан кейін осы жерлерде басқа ешқандай да бір өсімдік өспейтін болады.

• Темекінің жақсы өсімін қамтамасыз ету мақсатында оны өңдейді екен, соның ішінде фунгицид сияқты заттектер кездеседі. Соңғылардың қатарында метилбромид кеңінен қолданылып келеді, ал ол топырақ пен су нысандарына ғана емес, сондай-ақ озон қабатына да теріс әсерін тигізеді.

• Жыл сайын темекі тартудың салдарынан атмосфераға 84 миллион тонна көмірқышқыл газы бөлініп шығарылады.

Егер сіз жаман әдетіңізден бас тартуға дайын болмасаңыз, дегенмен ғаламшарымызға тигізілетін залалды азайтқыңыз келсе, онда темекіге қарағанда зияны әлдеқайда төменірек балама нұсқаларға ауысуға болады. Мәселен, темекіні қыздыруға арналған жүйелерде жану үдерісінің жоқтығына байланысты (әрі темекінің түтінімен салыстырғанда мұнда зиянды заттектер 95%-ға азырақ келеді) темекі тұқылынан тұтану да болмайды. Алайда есте сақтауды қажет ететін маңызды бір жайт: бұл құрылғылардың залалы жоқ деуге келмейді және олар әдеттенуді тудыратыны рас.

Егер автомобильдермен салыстыратын болсақ, мұндағы пайдаланылған заттар ауаны ластау көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие, әрі шамамен 75% құрап отыр. Дегенмен бұл, мәселен, жолаушылар тасымалымен айналысатын әуе компаниялардың шығарындыларынан бес есе артық болып келеді. Сонымен қатар темекі түтінінің құрамына карбоксил қышқылдары, калий, қорғасын, никель, полоний және стронцийдің радиобелсенді қосылыстары да кіреді – мұның барлығын қосқанда, автомобильдердің пайдаланылған газдарымен салыстыратын болсақ, темекі түтіні анағұрлым уытты бола түсетіні айқын.

Көріп отырғаныңыздай, темекі өндірісі мен тұтыныс тізбегі ғаламшарымыздың барлық экологиялық қырларына әсер етіп, бүкіл дерлік жайттарға зиянын тигізіп отырады. Былай қарасақ, жақын арада, тіпті, ауамен тыныс алу да қауіпті болмақ – оны ұдайы және табанды түрде «уландырып» жатқаны (автомобильдер, кәсіпорындар, темекі) аз дегендей, оның үстіне ауаны тазартатын ағаштар саны да барған сайын азайып барады. Алайда тыныс алмау да қауіпті ғой – жер шарымыздың тіршілік иелері үшін бұл жалпы мүмкін емес нәрсе. Осы тұста қорытынды жасау қиынға соқпайтыны анық.

Сондай-ақ оқу Вейп vs кәдімгі темекі: қайсысы зияндырақ?

Темекі тұқылдары өлімнің себебіне айналуы мүмкін

Ғаламшарымыздың табиғатына темекі түтіні ғана емес, сондай-ақ шегілген темекіден қалатын тұқыл да өзінің зиянды ықпалын тигізеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, темекі тұқылдарының тек 10% ғана күлсалғышқа түседі екен, ал қалғандары ойланбастан көшеге лақтырылады. Нәтижесінде олардың басым бөлігі ағынды сулармен кәрізге ағызылады, сонымен қатар су қоймаларына да түседі. Жер бетінде жатқан қоқыс аз ба, – алайда бұл жерде екі өте маңызды нюанс баршылық: біріншіден, тұқылдар аса уытты болып келеді, ал екіншіден, олар мүлдем дерлік ыдырамайды. Иә, дәл солай, темекі сүзгісі көбінесе целлюлоза-ацетат талшығынан (бұл пластиктің бір түрі) тұрады, әрі ол шамамен 20 жылдай ыдырайды екен. Нақ осы ыдырау үдерісі жүріп жатады да, алайда ол толығымен жойылмайды. Біз оны көзбен көрмеуіміз мүмкін, дегенмен микропластиктің қалған қосылыстары, тіпті, тәрелкемізге де түсіп кетуі әбден мүмкін – темекі тұқылдарының балық, құс және басқа да көптеген жануарлардың асқазандарында табылып жатқан жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ дәл осы темекі тұқылдары жануарлар өлімінің себебіне айналғаны туралы жайттарды да көптеп естиміз.

Жылына миллион темекі тұқылы – бұл қалдықтар бойынша статистика. Сонымен бірге темекі тұқылдары ең кеңінен таралған уытты қалдықтар болып келеді (естеріңізде болса, темекі түтінінің құрамында 6000 уытты химиялық қосылыстар бар, сондай-ақ олар шылымның сүзгісіне де шөгіп қалады) – оларға жол жиектеріне тасталған қоқыстың жалпы көлемінің 34% үлесі тиесілі. Темекі тұқылдарының уыттылығына қатысты жүргізілген эксперименттер көрсеткендей, судың бір литріне небәрі бір жарым темекі тұқылы салынса, мұндағы тірі заттардың барлығы да екі тәулік ішінде (48 сағат) өліп кетеді екен. Сонымен қатар темекі тұқылдары, шылым шегудің өзі сияқты – ормандар мен үйлерге тікелей қауіп төндіретін нәрселер. Орман өрттерінің 7% жағдайында абайсызда тасталған темекі тұқылдары «кінәлі». Ал темекі күлінің астында қаншама өмірлер мен мүлік «көмілген»?! Темекі шегуден бас тарта алмай жүрген барша шылымқұмарларға берілетін кеңес: сіз түтін шығармайтын құрылғыларға арналған стиктерді шексеңіз де, не болмаса классикалық темекіні таңдасаңыз да, темекі тұқылдарын көрінген жерге тастамағаныңыз абзал.

Иттерден гөрі мысықтар қатты зардап шегеді

Адамның жаман әдеті үй жануарларына да теріс әсер етіп отырады, әрі бұл жерде сізде мысық па, ит пе, тотықұс немесе құбылғы ма, тіпті, маңызды емес. Пассивті темекі тартудың салдарынан жануарларда көзден жас шығып, тыныс алуы да қиындауы мүмкін, әрі мұрыннан ағатын бөліністер пайда болады. Әрине, жануарлардың әрбір түрі өзінше зардап шегетіні түсінікті, дегенмен темекі түтінін деммен бірге жұтудың нәтижесінде лимфа жүйесіндегі қайтарымсыз өзгерістер барлығында да кездесетіні хақ. 

Шотландиядағы Глазго Университетінің (Glasgow University) ғалымдары жүргізген соңғы зерттеулерінің бірі көрсеткендей, шылымқұмармен бір үйде бірге тұратын үй жануарларының өмір ұзақтығы айтарлықтай қысқарады екен. Тыныс алу жүйесінің қабынуы, көз және тері аурулары, аллергия, жүрек жеткіліксіздігі, мысықтарда лимфа бездері мен көмейдің қатерлі ісігі, иттерде мұрын және өкпенің қатерлі ісігі – бұл темекі түтінінің үй жануарларымызға келтіруі ықтимал азаптарының шағын тізімі ғана. Осы тұста мысықтар иттерге қарағанда әлдеқайда қатты зардап шегеді. Өйткені иттер сыртқа көбірек шығады және таза ауада жүріп қайту мүмкіндігіне ие. Оған қоса оларды далада серуендеудің арқасында жиірек жуындырады. Ал мысықтар өздері «жуынады» – біздің мұртты достарымыз ұйықтамаған кездегі уақыттың үштен бір бөлігін өздерінің жүнін мұқият түрде жалаумен өткізіп, өздерін ретке келтірумен айналысады. Демек олар өздерінің үстіндегі барлық уытты заттектер (естеріңізге салсам, олардың саны шамамен 6000!) мен жүніне жабысып қалған темекі түтінінің бөлшектерін үнемі жалайды.

Пассивті темекі тартудың үй жануарларына қаншалықты зиянды екендігін растайтын тағы да бір деректі келтіріп өтсек. Адамда 5 млн бастап 10 млн дейін иіс жасушасы болады. Мысықтарда олардың саны 60 пен 70 млн аралығында, ал иттерде – 80 млн бастап 220 млн дейін болады екен. Яғни, адамдармен салыстырғанда мысықтардың темекіден болатын түтінге деген реакциясы 10 есе, ал иттерде 30 есе қаттырақ болады деген сөз. Осының бәріне біз өзіміз кінәлі екенбіз. Егер үйіңізде жануарлар болса, ал сіз үшін темекі шегуден бас тарту қиынға соғып жатса, онда ең болмағанда зиянды төмендетуге тырмысып, темекі тартудың түтін шығармайтын балама нұсқаларын қарастырған абзал. Алайда қабылдай алатын ең жақсы шешіміңіз – темекі шегуден біржолата бас тарту.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

4
2
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз