Редакция ұсынады

Шылымқұмар тіс пен қызыл иекті сау түрінде қалай сақтай алады?

Тіс дәрігері айтып береді


(Читайте интервью на русском языке здесь)

Ақ маржан тістері жарқырап көрінетін тәжірибелі шылымқұмарлар – сирек кездесетін түр, оларды кинодан тыс жерде кездестіру қиын. Тіпті, әсем тістердің өздері де бұрынғы эстетикасын жоғалтады, ал жағымсыз иіс – мәселенің бер жағы ғана, өйткені одан да күрделі салдары болуы мүмкін. Темекі тарту ауыз қуысына қалай зиян тигізетіні туралы және никотиннен бас тартпай-ақ теріс әсерді азайтуға бола ма, жоқ па – осы жайлы тіс дәрігері, PhD және медицина ғылымдарының кандидаты Мейрам Раганин әңгімелеп берді.

Тістің жылтыр қабығын бүлдіруден басқа

Темекі тартудың алғашқы айлары, ал кейбір адамдар үшін бірнеше жылдар бойы ағза үшін байқаусыз дерлік өтеді. Жаман әдет күнделікті өмірге және демалысқа жеңіл кіріктіріледі, ал темекінің иісіне тез үйреніп қалады екенсің. Сол секілді шылымның жаңа қораптарындағы жағымсыз суреттерге де үйреніп кетесің.

Дегенмен, бір мезетте айнадағы күлімсірегенің өзіңе ұнамай бастайды. Әрі тістің жылтыр қабығына шөгіп, жиналған шайыр өңез түрінде терең сіңіп кетеді де, сол себептен одан құтылу қиынға соғады. Тіс дәрігерінің кеңесінсіз-ақ белгілі болып отырғандай, пародонтитпен (тіс айналасындағы тіндердің қабынуымен) бірге келетін тісжегіге жету де қиын емес.

«Темекі қораптарында бейнеленген суреттер – олардың барлығы да шындық. Шылымқұмарларда қызыл иек әлсірей түседі де, тістің түп жағы жалаңаштанады және мықты пародонтит жүріп жатады. Сонымен қатар гиперкератоз да болуы мүмкін – бұл дегеніміз жасушалардың жылдам жалаңаштануы, ал тілді ақ үлпек басады. Әрі бұл тек қана ауыз қуысындағы жағдай, ал өкпеде не болып жатыр? Ол жерде, тіпті, сұмдық», - деп көрсетеді тіс дәрігері, PhD және медицина ғылымдарының кандидаты Мейрам Раганин.

Темекінің жану өнімдерінің құрамында ДНҚ-ның зақымдануы және мутациясына әкеліп соқтыратын 60-тан астам канцерогендердің бар екендігі белгілі. Дәл осындай оңайлықпен олар ауыз қуысындағы сүйектердің серпімділігі мен тығыздығының бұзылуына да әкелуі әбден ықтимал. Яғни, тіпті, қартайғанға дейін де тіссіз қалуға болады.

Сондай-ақ оқу Темекі тарту және қартаю арасында қандай байланыс бар? Генетик ғалымы және қартаюдың зерттеушісі Александр Коляда әңгімелейді

Ұзаққа созылатын күрес

Тіс дәрігері Мейрам Раганиннің айтуынша, оның тәжірибесінде темекіден біржолата тастай алған науқастар кездескен. Тістерінің қандай күйде екендігін білгеннен кейін олар медициналық нұсқауларды орындап, әрі жарты жыл уақытқа дейін жаман әдеттерінен бас тартқан. Осы мерзімнің өзі нәтижені көруге және темекіні ары қарай тартуды жалғастырмау үшін жеткілікті.

Дегенмен, бұл әркімнің қолынан келе бермейтін нәрсе. Кейбір адамдардың никотинге деген тәуелділігі соншалық, тіпті, бір ғана ұмтылыстың өзі аздық етеді.

«Мұндай жағдайларда біз өзіміздің бақылауымыз арқылы зиянды төмендетудің жолдарын ұсынамыз. Біз жүргізген алдын ала зерттеуімізге сәйкес, қарапайым темекіні тартатын адамдардың пародонттық индексінің көрсеткіші 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайды. Ал темекіні қыздыру бұйымдарын қолданған адамдарда бұл индекс небәрі 0,5 есеге ғана артқан», - деп көрсетті Раганин.

Ауыз қуысына деген ұқыптылық

Никотиннен әзірше толықтай бас тарта алмайтын шылымқұмарларға дәрігер ТҚЖ-ға ауысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр, бұл жерде темекінің жану үдерісі болмайды. Никотин адам ағзасына 400 градусқа дейін ғана қыздырылатын бу арқылы түседі. Осының арқасында темекі түтініне қарағанда будың құрамындағы зиянды заттектер 95% азырақ кездеседі.

Ұзақ уақыт бойы темекі тартып жүрген адамдарға да тіс дәрігері және басқа да мамандандырылған дәрігерлердің тексерулерінен тұрақты түрде өтіп отыру ұсынылады. Сонымен бірге кофе, шай және алкоголь тұтынуды шектеу артық етпейді, өтйкені олар да тістің түсі мен ауыз қуысындағы құрғақтық сезіміне әсерін тигізеді.

Тіс дәрігері, PhD және медицина ғылымдарының кандидаты Мейрам Раганинмен жүргізілген толық сұхбат адам денсаулығы үшін қауіп факторларының зиянын азайту жөніндегі «Денсаулық» Қазақстанның ұлттық қауымдастығының сайтында қолжетімді.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

19
3
5

Тақырып бойынша тағы оқыңыз