Редакция ұсынады

Неліктен біз темекіден бас тартуға қорқамыз?

Темекі тартудың «пайдасын» талқыға салайық


Бір қарағанда мақаланың тақырыбы оксюморонға ұқсайды. «Темекі тартудың пайдасы» – бұл «бақытты өлім» немесе «шынайы өтірік» деген секілдіге ұқсас келеді. Дегенмен кейбір шылымқұмарлар айналадағы адамдарды зиянды әдеттің физикалық және психикалық денсаулық үшін пайдасы зор екендігіне сендіріп отырады. Мысалы, олардың пайымдауынша, темекі тартуға жасалатын үзілістер арқылы олар жұмыста да тұрақты түрде үзілістер жасап, соның арқасында бойларын жазып алады және қайта қалыптарына келеді, таза ауаға шығады және әріптестерімен жемісті араласып тұрады.

Темекі тартудың «пайдасы» және одан бас тартудың «зияны» турасында бірнеше орнықты және жаңылыс пікір баршылық, әрі шылымқұмарлар оларды өздерінің жаман әдеттерін ақтап алу мақсатында, ал кейде, тіпті, шылым шегуді тастай алмауының себебі ретінде де қолданады. Бұл мақалада біз ең кеңінен таралған пайымдарды қарастыратын боламыз.

«Егер темекіден бас тартсам, онда артық салмақ жинаймын»

Бұл темекі тарту турасындағы ең кеңінен таралған аңыз. Тіпті, осы пайымдаудың өзі американдық және еуропалық шылымқұмарлардың ұжымдық жадысына басылып сақталғандай. 1929 жылы American Tobacco Company атынан Lucky Strike темекісінің жарнамалық науқаны басталады, мұнда компания алғаш рет шылым шегу мен артық салмақтан арылу секілді екі жайтты байланыстырады. Бүгінгі таңдағы өлшемдер тұрғысынан қарасақ, бұл жарнама нағыз сұмдық дүние. Бұл жерде «тәттінің орнына Lucky Strike темекісіне қол созу» ұсынылған болатын. Темекі тарту көп күш жұмсамай-ақ, артық салмақтан арылуға арналған диета ретінде көрсетілетін. Дегенмен бір жылдан кейін кондитерлік өнеркәсіп өкілдері тарапынан түскен талапқа байланысты sweet сөзінен бас тартуға тура келді. Содан кейін сымбатты әрі сұңғақ бойлы жарнамалық кейіпкерлерге қос иек пен жағымсыз қарны бар семіз көлеңкелерінің суретін қосымша сала бастайды, яғни, мұның астарында темекі тарту арқылы «осындай болашақ көлеңкеден аулақ болу» деген мағына жатыр.

Шын мәнісінде қалай?

Темекіден бас тартқаннан кейінгі бірінші жылдың ішінде салмақ қосылуы мүмкін. Кейбір шылымқұмарлар 5 келіден бастап 10 келіге дейін артық салмақ қосуы ықтимал. Дегенмен, британдық шолулық зерттеудің мәліметтеріне сүйенсек, бұрынғы 100 темекі тартушының ішіндегі 16 шылымқұмар керісінше салмақ жоғалтады екен. Неліктен артық салмақ жиналуы мүмкін? Никотин қарынның ашқанын сезуді төмендетеді, өйткені ағзадағы қуат пен қоректік заттардың қоры төмен деңгейде екендігі туралы миға берілетін ақпаратты бұғаттайды. Шылым шегуден бас тартқан соң жұмыс істемеген «сездіргілер» өз қалпына келеді де, қарынның ашқанын сезу жиірек туындайды, соның нәтижесінде тұтынылатын тамақтың мөлшері ұлғая түседі.

Сонымен қатар күйзелісті жағдайларда темекі тартуға асығатын көптеген шылымқұмарлар енді мұндай кездерде бірдеңені жей бастайды, осылайша «сыйақы» жүйесін қайткенде де ынталандыруға тырысады. Демек, бұл тек қана темекі шегуден бас тартқаныңыздың салдары емес, артық салмақ «ауадан» алынбайды.

Осыған жол бермеу мақсатында темекіден бас тартқаннан кейінгі үш ай уақыт аралығында өзіңіздің тамақтанудағы мінез-құлқыңызды мұқият бақылауыңыз қажет. Қолыңыз бос болмас үшін және бірнәрсені шайнау қажеттілігіңізді қанағаттандыруда кесілген көкөністер тілімдері, мысалы, сәбіз немесе көкөніс қытырлақтарын қолдану көмекке келеді.

Ал ұзақмерзімді болашаққа қарайтын болсақ, осы тақырып бойынша The New England Journal of Medicine журналында жарияланған үлкен зерттеуге сәйкес, бұрынғы шылымқұмарлардың салмағы ешқашан темекі шекпеген құрдастарының салмағынан аспайды екен.

«Менің темекі тартқаныма көп болғаны сонша, тіпті, тастаудың өзі кеш, денсаулық бәрібір бұзылған»

Кейде «өтілі жоғары» шылымқұмарлардан мынаны естуге болады: «Мен 40 жыл бойы күн сайын темекінің екі қорабын тартып шығамын. Енді қазір темекіден бас тартудың мәні қандай? Бәрібір денсаулық бұзылған, әрі қалпына келмейді. Бұл менің қолымнан келе ме екен? Тіпті, мұндай «өтілмен» тастаудың өзі зиянды шығар».

Шын мәнісінде қалай?

Сіз қанша жаста екеніңіз де, қанша уақыт темекі тартып жүргеніңіз де маңызды емес. Кез келген мезетте темекі тартудан арылсаңыз, өз денсаулығыңызды жақсарта түсетініңіз хақ. Шылым шегуді тастаған кезде, сіз өміріңізді бірнеше жылға ұзартып, тыныс алуыңызды жақсартып, бойыңыздағы қуатыңыз тасып, әрі ақшаңызды да үнемдей алуыңыз әбден мүмкін. Алайда, егер сіз темекіден біржолата бас тарта алмасаңыз, онда тым болмағанда денсаулығыңызға келтірілетін зиянды төмендетуге тырысып, әрі залалы әлдеқайда азырақ балама нұсқаларға, мәселен, жану үдерісі мүлдем жоқ темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысуға тырысқаныңыз абзал.

Еуропалық респираторлық қоғамның сарапшысы Рикардо Полоза темекі тартудың өкпеге деген әсерін былайша сипаттайды: «Әдетте ілгері және кейін қозғалып, тыныс алу жолдарын сырттан түскен әртүрлі бөлшектерден тазартып тұратын микроскопиялық кірпікшелер қалыпты қызмет істеуін тоқтатады».

Сонымен қатар Полоза өзінің әріптестері – басқа ғалымдармен бірлесіп, өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОА) шалдыққан науқастар арасында қыздырылатын темекінің денсаулықтарына деген әсері туралы әлем бойынша алғашқы ұзақмерзімді зерттеуді өткізген болатын. Зерттеу нәтижесінде науқастарда өкпеге қатысты хал-жағдайдың нашарлауы байқалмады, аурудың асқынуы сирек болып, әрі ӨСОА көрсеткіштері жақсара түскені анықталды.

Американың Ұлттық геронтологиялық институты (National Institute on Aging) жүргізген зерттеулер растап отырғандай, жасыңыз, тіпті, 60-та немесе одан да жоғары болса да, әрі сіз бірнеше онжылдық бойы темекі тартып жүрсеңіз де, шылым шегуден бас тарту денсаулығыңызды жақсартады. Сонымен бірге темекі тартудан арылсаңыз, сіз онкологиялық, жүрек-қан тамыр және егде жаста жиі кездесетін басқа да аурулардың, соның ішінде остеопороз және диабеттің пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетесіз.

Сондай-ақ оқу Түтінсіз баламалар және темекі – екеуі бір нәрсе ме? Темекі тартудың балама нұсқалары туралы басты дақпырттарды сейілтеміз

«Мен темекіден бас тарқан кезімде өкпем жарамсызданып, жөтелім басталады»

«Темекі шегуден бас тартудың зияны» туралы, тіпті, мынадай нағыз фантастикалық нұсқаны да естігендеріміз баршылық: көп жылдар бойы темекі шегіп келген адамдарда никотин зат алмасу үдерісінің бір бөлігне айналады. Егер темекі тартуды тастасаңыз, өкпе «жарамсызданып», жөтел күшейе түседі де, созылмалы түріне айналады.

Шын мәнісінде қалай?

Темекі шегуден бас тартудың бастапқы кезеңінде, шынымен де, жөтел күшеюі мүмкін. Бұл ағзаңыздың қалпына келе бастағанының белгісі болып саналады.

Шылым шегу барысында темекі түтінін деммен бірге ұдайы жұтып отыру – тыныс алу жолдары әдетте ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған қабатын белсенді түрде бұзады. Мұның нәтижесінде қалған «кірпікшелер» үшін өкпенің ішіндегі шырышты кетіру қиынға соғады. Ал темекі шегуден бас тартқан кезіңізде, олар тез өседі де, әрі өкпені тазарта отырып, белсенді жұмыс істей бастайды. Осы кезеңде сіз әдеттегіден көп жөтеле бастауыңыз мүмкін. Қалыпты жағдайда бұндай жөтел бірнеше аптаның ішінде өздігінен өтеді.

Осы хал-ахуалды жеңілдету үшін не істеуге болады:

●     суды және құрамында кофеині жоқ сусындарды көбірек ішіңіз;

●     тамақтың тітіркенуін басу мақсатында жөтелге қарсы кәмпиттерді қолданыңыз;

●     ыстық себезгі қабылдаңыз және ауа ынғалдауышын қолданыңыз.

Егер жөтел бір айдан артық уақытқа созылса, әрі ауырсынумен бірге жүріп, не болмаса қанды қақырық бөлінсе, онда аурудың пайда болу ықтималдылығын жою мақсатында дәрігерге жүгіну қажет.

«Егер мен темекіні тастасам, жүйкем қозып, ашуланшақ бола бастаймын»

«Тынышталу үшін темекі тарту». Темекі өндіретін компаниялар көптеген онжылдықтар бойына қоғамдық санада шылымды тұтынуды психикалық амандық-саулықпен, күйзелістен арылудың амалымен, тұла-бойыңды бос ұстау және ләззат алумен байланыстыру үшін маркетинге қомақты қаражат құйып келген.

Шын мәнісінде қалай?

Қысқа мерзімді болашақта никотин, шынымен де, адамның миында дофаминнің – «жақсы көңіл-күй» гормонының түзілуін ынталандыратын жағымды сезімдерді тудыруы мүмкін. Әрі уақытша ләззат пен тұла-бойыңды еркін ұстау сезіміне бөлейді. Дегенмен содан кейін темекі тарту арасындағы үзілістер кезінде болатын никотиндік абстиненция ашушаңдық және мазасыздық сезімдерін, сондай-ақ зейін қоюдағы қиыншылықтарды тудырады. Нәтижесінде никотинді тұтынудың алғашқы жағымды тәжірибесі болдырмау нышанатының белгілерінен құтылу үшін темекі тартуды мәжбүрлі үдеріске айналдырады. Қысқа мерзімді рахаттану сезімімен салыстырғанда, мазасыздық пен қатты ширығу кезеңдері анағұрлым ұзаққа созылып отырады.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, темекі тартпайтын адамдарға қарағанда, ұзақмерзімді болашақта шылымқұмарлар депрессияға әлдеқайда ұшырағыш болып келеді. Мәселен, психикалық ауруларға шалдыққан адамдар темекіден бас тарқан кезде, олардың тынышсыздық, депрессия және күйзеліс деңгейі төмендей түседі.

Темекіден бас тартқанда болдырмау нышанатының өткір кезеңіндегі күйзелісті төмендету үшін психотерапевтік тәжірибелердің көмегіне жүгінуге болады, мысалы, медитация немесе никотинді алмастыратын терапия.

«Темекі болмаса, мен өзіндік ерекшелігімді жоғалтып аламын»

«Темекі – бұл менің мінезімнің, бейнемнің, өзімнің бір бөлігі десем де болады. Темекі тарту маған басқалармен араласуға көмектеседі. Достарым үшін мені темекісіз елестету қиын. Қолыма темекі ұстамасам, мен кім боламын? Сонда менен және менің өмірімнен не қалмақ?»

Нағыз шылымқорларда темекі тарту рәсімі өмірдің әрбір саласына тастай қатты қоса өрілген. Темекіден күннің өзі басталып, ұйықтар алдында шылым шегумен күн аяқталады. «Кейін» шегілген темекі жақсы өткен жыныстық қатынасты тамамдайды. Барлық түйткілдер де достармен бірге темекі тартуға арналған үзілістерде талқыланады. Жалпы алғанда, Виктор Цойдың әнінде де айтылады емес пе: «Егер қалтаңда темекінің бір қорабы болса, демек, бүгінгі күнгі өмірің жаман емес».

Темекі тартуға деген осындай психологиялық тәуелділікке иррационалдық және сол себептен нашар қадағаланатын қорқыныш сезімі байланысты болып отыр. Яғни, шылымнан бас тартумен бірге жеке өзіңнің, өз бейнеңнің, өз өміріңнің бір бөлшегін жоғалтып алу қорқынышы.

Шын мәнісінде қалай?

Осы қорқыныш сезімінен аттай алған және темекі шегуден бас тартқан шылымқорлар өмірлерінде ешнәрсенің де өзгермегенін атап көрсетеді. Шылымды тастағаннан кейін ешкім де жұрттан безіп, жалғыз қалған жоқ, достарының қатары ауысқан жоқ, мерекелік жиындардан қалып немесе өз ортасынан қуылған емес. Шыны керек, темекі тартудың олардың жеке басына ешқандай қатысы жоқ болып шықты.

Темекі тартуды ұнатудың себептеріңіз қандай болса да, олар темекі тартудың салдарынан өмір мен денсаулыққа төндірілетін қауіп-қатерлердің орнын толтыра алмайды. Егер сіз шылым шегуден бас тарту үшін ыңғайлы сәтті немесе бір белгіні күтіп жүрген болсаңыз, онда бұл мақаланың оқылуы – осыны қолға алудың тамаша себебі бола алады. Не болмаса, алдымен зияны анағұрлым төменірек балама нұсқаға – темекіні қыздыруға арналған жүйеге ауысуға болады.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

3
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз