Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Шолулар
  • Түтінсіз, алькогольсіз: СӨС тренді әдеттерімізді қалай өзгертіп жатыр?
Редакция ұсынады

Түтінсіз, алькогольсіз: СӨС тренді әдеттерімізді қалай өзгертіп жатыр?

Соңғы онжылдықта салауатты өмір салтына деген тренд өз танымалдылығының шыңында тұр. Адамдар темекі тарту, алкоголь, есірткіні тұтыну, шамадан тыс тамақ ішу және, тіпті, тұтынушылық секілді жаман әдеттерінен барған сайын бас тартатын жағдайлары жиілеп кетті. Спорт залдары, вегетариандық мейрамханалар мен апсайклинг-киім брендтерінің санына ғана қараңыздаршы. Неліктен сүйікті Cosmopolitan коктейліңізді моктейльге алмастыруыңыз керек және неге ротанг және бамбуктен жасалған жиһаз үлкен танымалдылыққа ие екендігін – осы мақалада айтып береміз.


Темекі тартудың баламалары қалай пайда болған?

Темекіні қыздыруға арналған жүйелер сонау 1988 жылы ойлап табылған екен, алайда сол кезде нарық оларды біршама «салқын» қабылдаған еді: тұтынушылардың көбі жаңа технологияға күмәнмен қарап, әрі өз ақшасын оған жұмсауға дайын болмаған. Оның керегі не, онсыз да уақытпен тексерілген баяғы темекі бар емес пе? Келесі 20 жыл бойы осы өнім жайлы, тіпті, ұмытып та кеткен деуге болады, сондай-ақ осы уақыт аралығында темекі нарығы айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған.

Дегенмен қазіргі уақытта кез келген дерлік жерде темекіні қыздыруға арналған жүйенің пайдасына таңдау жасаған адамдарды кездестіруге болады. Бұл құрылғылар түс, дизайн мен пішін тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге стиктер дәмдерінің де алуан түрлерін ұсынады. Бүгінгі таңда осы құрылғылар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында әлдеқайда заманауи және зияны айтарлықтай төменірек болатын тәсілдерді қалайтын темекі тарту әуесқойлары арасында нағыз трендке айналып отыр.

Неліктен темекіні қыздыру жүйелерін таңдайды: 

Зияны азырақ балама

Кәдімгі шылым шегумен салыстырғанда темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қолданған кезде жану үдерісі болмайды, әрі бұл адам ағзасына еніп кететін зиянды заттектердің мөлшерін 90–95%-ға төмендетеді. Оның орнына темекі тек қана 250–350 градусқа дейін қыздырылады да, бұл күйе мен басқа да уытты қосылыстардың түзілуіне жол бермей-ақ дәм мен хош иісті сақтап қалуға көмектеседі. Салыстырмалы түрде: қарапайым темекінің жану температурасы 900 градусты құрайды. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу жолдары және иммундық аурулар секілді темекі тартуға байланысты әртүрлі дерттердің даму қаупін төмендетуде маңызды рөл атқарады.

Жаман әдеттен бас тартудың тәсілі

Сонымен бірге темекіні қыздыруға арналған жүйелер жаман әдетінен толықтай бас тартуға ниетті, дегенмен шылым шегуді бірден тастай алмайтын адамдарға керемет көмекші болуы мүмкін. Өйткені олар дәм мен жалпы темекі тарту рәсімін сақтап қалады, әрі адамдар кәдімгі шылымнан темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысу арқасында, ал содан кейін күніне қолданылатын стиктердің санын тіптен азайта отыру арқылы тұтынылатын никотиннің мөлшерін біртіндеп төмендете алады. Осындай біртіндеп бас тарту әдісі тәуелділікті төмендетуге және темекі шегуден құтылу үдерісін жеңілдетуге көмектеседі.

Айналадағыларға зиян келтірмеу

Адамдардың темекіні қыздыруға арналған жүйелерге назарын аударып, баламаны қарастыруға итермелейтін негізгі жайттардың бірі айналадағылар үшін пассивті темекі тарту қаупінің жоқтығы болып келеді. Дәстүрлі шылымға қарағанда темекіні қыздыруға арналған жүйелер адам ағзасы үшін негізгі қауіп төндіретін уытты түтінді шығармайды.

Сондай-ақ оқу «Бір латте беріңізші»: көпшіліктің сүйікті сусыны несімен қауіпті?

Алкогольсіз сусындар қалай пайда болған?

Соңғы жылдары «алкогольсіз сусындарға деген трендтің» пайда болуымен бірге сусындар индустриясында анағұрлым өзгерістер болған. Егер алкогольді коктейльдер үйреншікті құбылысқа айналса, онда моктейльдер сіздің дәм сезу рецепторларыңыз үшін нағыз олжа болуы әбден мүмкін. Алайда моктейль дегеніміз не және неліктен оның танымадылығы күн өткен сайын өсіп келеді?

Моктейль, mock (тым тәтті) және cocktail (коктейль) сөздерінен шыққан – бұл классикалық коктейльдің дәмі мен ұсынылу тәсілін қайталайтын алкогольсіз сусын болып келеді. Спирттік ішімдіктер немесе ликерлерді қосудың орнына бұл жерде жаңа сығылған шырындар, шөптер, сироптар және басқа да хош иісті компоненттер қоспасы қолданылады, әрі бұл дәмді және сергітетін сусынды жасауға көмектеседі. Бір күні сіз өзіңіздің сүйікті «Лонг Айленд Айс Ти» коктейліңізді алкоголі жоқ немесе калориясы төмен нұсқаға ауыстырасыз деп кім ойлаған?

Жалпы алғанда алкогольсіз сусындар тұжырымдамасы жаңашыл болмағанымен (1930-шы жылдардағы классикалық «Ширли-Темплді» еске түсіріңізші), бүгінгі моктейльдер дәстүр мен инновациялар қоспасы болып саналады. Заманауи миксологтар көздің жауын алатын әрі дәм сезу рецепторларына рахат сыйлатын, ерекше әсерлендіретін сусындарды жасау мақсатында ащы және қышқылдан бастап, тәтті және ауыз күйдірерлік дәмге дейінгі әртүрлі ингредиенттермен экперименттерді жасап келеді.

Моктейльдердің артықшылықтары

Салауатты таңдау

Моктейльдердің құрамына кокос суы, комбуча және көкөніс шырындары секілді қоректік ингредиенттер жиі кіреді. Бұл ингредиенттер бірегей дәмдерді қосып қана қоймай, сондай-ақ адам денсаулығы үшін алуан түрлі пайдалы қасиеттерге ие болып келеді. Адамдар өздерінің алкогольді сусындарды тұтыну әдеттерін қайта қарастырады да, әрі оны тұтынуды азайтудың пайдасына таңдау жасайды, не болмаса алкогольден біржолата бас тартады. Етек жайып келе жатқан тренд сусындардың жаңа санатының пайда болуына септігін тигізген, оның атауы NOLO – бұл «құрамында алкоголі аз немесе жоқ» дегенді білдіреді.

Бағасы

Әдетте моктейльдер алкогольді балама нұсқаларына қарағанда әлдеқайда үнемді болып келеді. Қымбат спирттік ингредиенттерді қосудың қажеттілігі болмағандықтан, компаниялар осы сусындарды анағұрлым арзан бағада ұсына алады, әрі бұл оларды кең аудитория үшін қолжетімді етеді. Қазіргі уақытта ұнтақ түріндегі моктейльдердің көмегімен, тіпті, жеке сусыныңызды еркін жасау мүмкіндігіңіз бар.

Ешқандай мастықтың салдары болмайды

Моктейльдердің ең бір жақсы артықшылығы бұл жағымсыз мастық салдарының жоқтығы болып келеді. Бұл жайт ешбір таңертеңгілік жабырқаған көңіл-күйге тап болмай-ақ, көңілді кештен ләззатқа бөленгісі келетін адамдар үшін аталмыш сусындарды ұнамды таңдауға айналдырады. Моктейльдер баршаға да жарамды – оларды балалар мен аяғы ауыр әйелдерден бастап, белгілі бір медициналық жағдайлары бар адамдарға дейін тұтынуға болады. Осындай бірегейлік әркімнің-ақ алкогольді тұтынудағы қалауларына қарамастан, сауық-сайранға қосыла алатынына кепілдік береді.

Неліктен экофрендли-тауарлар тартымды бола түсті?

Бүгінгі таңда саналылық барған сайын көкейкесті трендке айналуда, әрі ол өз танымалдылығын әлі ұзақ уақытқа дейін сақтайтын іспетті. Көптеген адамдар біздің қосымша ғаламшарымыздың жоқтығы турасында ойланады, сондықтан қолда барымызды құнттап ұстауға тура келіп отыр. Жаһандық өндіріс аясындағы саналы тұтынушылықтың қиындықтары, қымбатшылығы және кемшіліктеріне қатысты онша оптимистік емес көзқарасқа қарамастан, сарапшылардың дені мына бір пікірге бірауыздан келіседі: кез келген, тіпті, ең кішкентай қадамның өзі де жалпы игілік үшін әсер етеді. Иә, бүгінде киім-кешек, жиһаз немесе тұрмыстық техниканы сатып алу осыдан бірнеше ондаған жылдар бұрынғы уақытқа қарағанда әлдеқайда жеңілірек болып келеді. Дегенмен бұл тауарлардың тек қолжетімділігіне ғана байланысты болғандықтан, көзге түскен кез келген затты сатып алуымыз керек дегенді білдірмейді. Осы себептен соңғы жылдары eco-friendly-тауарларға деген тренд қарқын алып жатыр.

Экофрендли-тауарлардың артықшылықтары:

Экологиялық материалдар

Eco-friendly-тауарлары органикалық маталар, бамбук, қайта өңделетін металдар мен биоыдырайтын пластикалық алмастырғыштар секілді экологиялық таза материалдардан жасалады. Бұл материалдар жоғары төзімділік пен қалпына келушілік қасиеттерге ие, сондықтан бұл қандай да бір басқа табиғи ресурстарды азырақ пайдалануға мүмкіндік береді.

Кәдеге жарату және қайта өңдеу

Пайдаланылған еco-friendly-тауарларының көпшілігін қызмет ету мерзімінің соңына қарай қайта өңдеу мен кәдеге жаратуға болады. Адамдардың көбі керексіз заттарды тастамай, оның орнына, мейлі бұл жиһаз болсын, мейлі ойыншық немесе киім болсын, оларға екінші өмір сыйлауға тырысатыны керемет. Тіпті, ірі корпорациялардың өздері де қомақты шығындарға қарамастан, бизнестерін экологиялық өндіріске ауыстырып отыр. Ұзақмерзімді болашақта нақ осындай компаниялар барлық шығындарын толығымен өтеу мүмкіндігіне ие болып келеді, өйткені клиенттердің көбі әлеуметтік тұрғыдан жауапты брендтерге әлдеқайда көбірек төлеуге дайын тұрады.

Энергиялық тиімділік

Eco-friendly-тауарларын өндіру көбінесе энергия тұрғысынан тиімді технологиялар мен үдерістердің қолданысымен байланысты, бұл энергия тұтынуды төмендетеді, сол себептен электр энергиясының өндірісіне арналған ресурстарды пайдалану қажеттілігін де азайтады.

Енді қолыңа темекі ұстап, барлық демалыстарыңды барларда өткізу соншалықты тартымды және сәнді болып көрінбейтін секілді. Бұл жерде туындайтын бір ғана сауал бар: осы тренд болашақта сақталады ма екен, әлде кез келген басқа да сәнді құбылыстардағыдай, уақыт өте келе өзінің өзектілігін біртіндеп жоғалтып ала ма? Мұны уақыт көрсетер.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз